Жамбыл облысында жер үй өртенді: өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыды

Жамбыл облысында жер үй өртенді: өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Фото: ТЖМ

Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылындағы жер үйдің аумағында орналасқан шаруашылық құрылысынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Алтынсарин көшесі бойында тіркелген. Шақырту орнына жеткен ТЖМ өрт сөндірушілері шұғыл әрекет етті.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар ғимарат ішінен екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.

Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жау толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды газ жабдықтарын пайдалану кезінде сақтық танытып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Өрттің шығу себептері анықталуда.