$ 494.87  520.65  4.91
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Солтүстік Қазақстан облысында 165 жол учаскесін су басуы мүмкін

Су тасқынына қарсы құрылған көлік қызметінде 169 техника мен 300 адам жұмыс істейді

Солтүстік Қазақстан облысында 165 жол учаскесін су басуы мүмкін
Фото: qaz-media.kz

Солтүстік Қазақстанда су тасқыны кезінде 165 жол учаскесі су астында қалуы мүмкін. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының базасында арнайы қызмет құрылды. Енді мамандар су тасқыны бола қалған жағдайда зардап шеккен тұрғындарды тасымалдайтын болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агентігі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының желісі 6 446,2 шақырымды құрайды. Оның 1983-і ауданаралық, ал 4 463,2 шақырымы облыстық маңызы бар автомобиль жолдары. Көктемгі су тасқыны кезінде жолдарды су шайып кетпес үшін 19 көпір және 1380 су өткізгіш құбыр орнатылған. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 13 аудан бойынша 26 мекеме жұмылдырылған. Сондай-ақ 26 ​​ақпаннан бастап су өткізгіш құбырларды тазарту жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 1024 құбыр тазартылды.

«Су тасқынына қарсы қажетті материалдар дайындалуда. Қазіргі уақытта 3900 – қап, 75 тонна – жанар-жағармай, 7 бірлік – мотор сорғылары және құм дайындалды. Сонымен қатар алты ауданға қызмет көрсететін «Петропавл жолдары» ЖШС мен Ақжар ауданына қызмет көрсететін «Көкшетау жолдары» ЖШС қажет болған жағдайда инертті материалдардың жеткілікті көлемін қамтамасыз ете алады», – дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерден Шортыбаев.

Су тасқынына қарсы құрылған облыстық көлік қызметінде 169 техника мен 300 адам жұмыс істейді. Төтенше жағдайларды жою кезінде көліктік қолдау көрсету үшін «Петропавл Норд», «Вектор Сервис» ЖШС-мен, сондай-ақ 38 жолаушылар мен багажды тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкермен келісімшарт жасалған. Су тасқыны кезеңінде аудандық маңызы бар жолдардың бойында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

Серіктес жаңалықтары