19.10.2019, 05:34
Жаңалықтар
АҚШ әлемдегі ең үлкен түрмені жабады
Американың Нью-Йорк штаты Райкерс аралында орналасқан әлемдегі ең үлкен түзету колониясын жабу туралы шешім қабылдады
Фото: ашық дереккөзден
Билік өкілдерінің хабарлауынша, оның орнына Манхэттен, Бруклин, Бронкс пен Куинс аудандарына шағын түрмелер кешені салынады. Райкерс түрмесі 2026 жылы толығымен жабылады, деп жазады АВС News.
Қалалық кеңес спикері Кори Джонсон Райкерс түрмесі қатыгездік пен рақымсыздықтың символына айналғанын айтты. Ол жаппай қамау саясатының сәтсіз болғанын, қала одан құтылу үшін қажетті шараларды қабылдау керектігін айтты.
«Тұтқындарды аралдан көшіру жоспарына 8 миллиард доллар кетеді деп болжанып отыр. Билік Райкерстің жабылуы тұтқындар санының азайып, қылмыс деңгейінің төмендеуіне септеседі деп ойлайтынын айтты», - деп жазады басылым.
Көп оқылған
08.07.2026, 17:14
Сталкинг пе, қылмыс па: Атырауда әйел адам экс-сүйіктісінен қашамын деп өзі сотталып кетті (ВИДЕО)
08.07.2026, 10:40
Шығын – 2 млрд теңге: Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқандар сотталды
08.07.2026, 09:52
ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды
08.07.2026, 15:58
Теңге нығайып келе ме: 8 шілдеге арналған доллар бағамы жарияланды
08.07.2026, 09:08
Жоғарғы соттың төрағасы тағайындалды