ШҚО-да дәрігер психоактивті зат қолданатын адамға есірткі препаратын тағайындаған
Қазіргі кезде тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

Шығыс Қазақстан облыстық прокурорлары психотроптық дәрі-дәрмектерді беру кезінде ережелерді бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомство мәліметінше, прокурорлық тексеру барысында Риддер қаласының прокуратурасы «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК-де есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактісін анықтады.
«Тиісті талаптарды бұзып, қалалық аурухананың онколог-дәрігері есірткі препаратын онкология ауруынан қайтыс болған адамға тағайындап, рецепт бойынша дәрі алуға рұсат қағазын психоактивті заттарды қолданатын басқа адамға бергенә, - делінген хабарламада.
Риддер қаласының прокуроры есірткі заттарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ҚК 303-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, «Трамадол» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.03.2023 жылғы №240 қаулысымен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын психотроптық заттардың тізіміне енгізілді, оларды өткізу және беру онкологиясы бар науқасқа дәрігердің рецепті бойынша ғана жүзеге асырылады.