Үндістанда сайлау 44 күнге созылады

Темірхан Айжан

970 миллионға жуық үнді халқы дауыс береді

Үндістанда сайлау 44 күнге созылады
Фото: apnews

Үндістанда әлемдегі ең ұзақ сайлау өтеді. Елде дауыс беру 19 сәуірден 1 маусымға дейін жалғасады. Оған әлем халқының 10%-ын алатын, 970 миллионға жуық үнді халқы қатысады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy APnews-ке сілтеме жасап.

44 күнге созылатын дауыс беру қорытындысы 4 маусымда шығады. 73 жастағы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди үшінші мерзімге үміткер ретінде тіркелген. Ол елді 2014 жылдан бері басқарып келеді.

«Сайлаудың ұзақ болуына екі себеп бар: Үндістанның алып жер көлемі мен логистиканың деңгейі», - деп жазады басылым.

Үндістанда дауыс беруге арналған уақыт ұзақтығы жылдар өткен сайын өзгеріп отырған. 1951-1952 жылдарда Британиядан тәуелсізсіздік алған Үндістандағы алғашқы сайлау 4 айға созылған. Ал 1980 жылы қысқа мерзімде аяқталып, төрт-ақ күн болды. 2019 жылы дауыс беру 39 күнге созылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.