Димаш Құдайберген әлемге әйгілі опеара әншісінің иығына шапан жапты

Azattyq Rýhy

Опера әншісіне шапан сыйлаған сәттің видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады

Димаш Құдайберген әлемге әйгілі опеара әншісінің иығына шапан жапты
Фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген әйгілі опера әншісі, дирижер Пласидо Домингоның иығына шапан жапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Опера әншісіне шапан сыйлаған сәттің видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезімдерін өлеңге қосып, өз өлкесінің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем. Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін, жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген 20 ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих», - деп жазды әнші.

Осыған дейін Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго Будапештте Virtuosos V4+ жобасының финалында дуэт орындаған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.