16.03.2024, 20:09
Жаңалықтар
Франция президентінің қазақы тазылармен түскен фотосы жарияланды
Тазы иттерді Франция басшысына Тоқаев сыйға тартқан болатын
Фото: instagram.com/soazigdelamoissonniere
Франция президентінің жеке фотографы Instagram-дағы парақшасында Эмманюэль Макронның қазақы тазылармен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Фотограф жариялаған суретте Франция президентінің жанында үш ит тұр, оның екеуі - тазы.
Еске сала кетейік, былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция президенті этноауыл көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан. Сол сәтте Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде беріп, қазақы тазының екі күшігі Францияға жеткізілді.
Бұған дейін тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген ат қойылғаны да хабарланған еді.
Көп оқылған
02.07.2026, 14:58
Алакөлде қайғылы оқиға: суға батқан анасы мен қызын құтқарушылар жағаға алып шықты
02.07.2026, 16:29
Жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатпақ болған: қаза тапқан полицей жайлы тың мәлімет жарияланды
02.07.2026, 12:29
Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты