Аргентинада ақшаны заңсыз иемденген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ұсталды

Azattyq Rýhy

Оған Астананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі былтыр жазда халықаралық іздеу жариялаған

Аргентинада ақшаны заңсыз иемденген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ұсталды
Фото: freepik.com

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша Аргентина аумағында Андрей Хазбулатов ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақшаны заңсыз иемденгені үшін іздеуде жүрген күдікті Аргентинада болғаны анықталды. Сондықтан осы елдің аумағында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Андрей Хазбулатов ұсталды», - делінген ақпаратта.

Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін Астананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі былтыр жазда халықаралық іздеу жариялаған болатын.

Ол 196 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденді деген күдікке ілінді.

Айта кетейік, Андрей Хазбулатов – философия докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі мәдени саясаты тұжырымдамасы мен «Кинематография туралы» заңы авторларының бірі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.