Антиресейлік саясат: Ресей Арменияға ескерту жасады

Azattyq Rýhy

РФ СІМ ресми өкілі пікір білдірді

Антиресейлік саясат: Ресей Арменияға ескерту жасады
Фото: РИА Новости / Владимир Астапкович (Ереван)

Ресей сыртқы істер министрлігі антиресейлік көзқарас бойынша Арменияға ескерту жасады. Бұл туралы Azattyq Ruhy тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Өкінішке қарай, біз бұл тенденцияны бұрыннан байқап келеміз және осы туралы айтып отырмыз. Армян әріптестерімізге, серіктестерімізге тек ескерту мақсатында жүгініп отырмыз», - деді РФ СІМ өкілі Мария Захарова.

Дипломат Мәскеудің кейбір дәлелдерін армян тарапы қабылдағанын, «тіпті белгілі бір шаралар қабылданғанын» айтты.

«Біз Штаттар мен жалпы Батыс ондаған жылдар, тіпті ғасырлар бойы ізгі ниетінің артына жасырынып, елдер мен халықтарға өз құралдары түрінде қарым-қатынас тактикасын қолданып келгенін жақсы білеміз. Егер біздің аймақта мұндай мысалдар болмаса, посткеңестік кеңістікке Америка Құрама Штаттары мен ұжымдық Батыс бұл тактиканы қолданбайды деп ойлауға болар еді», - деп атап өтті СІМ өкілі.

Оның айтуынша, Мәскеу шын жүректен Арменияның өз егемендігін сақтап, ұлттық мүддеге негізделген саясат құруын қалайды. Сол сияқты ұлттық мүдделер «біреу Брюссельде немесе тағы бір астанада жазған нәрсе» емес, Арменияда тұратын және балаларын тәрбиелеп отырған адамдардың мүдделерімен бірге халықтың мәдени ерекшелігін көрсететін мүдделер екенін айтып өтті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.