$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Балалардың қауіпсіздігі: прокурорлар арнайы электронды карта әзірледі

Картада қараусыз қалған құрылыс алаңдары, үйлер, шұңқырлар, т.б. көрсетілген

Балалардың қауіпсіздігі: прокурорлар арнайы электронды карта әзірледі
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

ШҚО-да пилоттық режимде балалар үшін қауіпті объектілердің онлайн платформасы әзірленді. Бұл туралы Azattyq Ruhy облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство дерегінше, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Самар аудандық прокуратурасының бастамасымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасы және 2023-2025 жылдарға арналған жарақаттанудың алдын алудың кешенді бағдарламасы аясында білім бөлімімен бірлесіп, IT құралдарын пайдаланумен балалар үшін қауіпті объектілердің паспорт жасалды.

Атап айтқанда, қолданыстағы геодеректерді пилоттық режимде біріктіру арқылы балаларға арналған қауіпті объектілердің Бірыңғай электронды (онлайн) картасы әзірленді (Instagram әлеуметтік желісіндегі: samar.balalar.kauipsizdigi сілтемесінде жарияланды).

«Картада мыналар көрсетілген: қараусыз қалған құрылыс алаңдары, үйлер, шұңқырлар, су қоймалары, трансформатор кабиналары, кәріз люктері және т.б.

Ыңғайлы болу үшін кез келген азамат тізімді толтыру үшін қауіпті жер туралы хабарлай алады. Мәселелерді анықтауға, өзіңіздің сипаттамаңызды, фотосуреттеріңізді, бейнелеріңізді қосуға болады.

Картадағы кемшіліктер жойылғандықтан, уәкілетті мемелекеттік органдардың тиімділігін бағалауға болады», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары