$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жол ережесін бұзған 360 мың адамға айыппұл салынды - ІІМ

9 мың көлік айыппұл тұрағына қойылды

Жол ережесін бұзған 360 мың адамға айыппұл салынды - ІІМ
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев ведомствоның брифингінда айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Былтыр еліміздің жолдарында 2,5 мыңнан астам адам қаза тауып, 20 мыңға жуық адам жарақат алды. Бұл – алаңдатарлық мәселе. Жолдағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ жол апатының алдын алу бойынша шаралар белсенді түрде жүргізілуде. Оның ішінде республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Акцияны өткізуге 9,5 мың полиция қызметкері, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың мыңға жуық өкілі жұмылдырылды», - деді ол.

Ресми өкіл атағандай, жол ережелерін бұзғаны үшін 360 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Патрульдік машиналарда орнатылған автоматтандырылған бекіту құралдарымен жылдамдық режимінен асып кетудің 87 мыңнан астам фактісі анықталды.

9 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды. Жол-көлік оқиғаларына және олардың салдарының ауырлығына әсер ететін себептердің бірі - жолдардың жағдайы.

Сондықтан, операцияның міндеттерінің бірі жол желісін зерттеу болды. Республика бойынша полиция 8 мың тексеру жүргізді», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары