01.03.2024, 14:36
Жаңалықтар
Ауғанстанда қалың қар мен қатты аяздан 9 адам көз жұмды
Сондай-ақ тағы екі тұрғын жарақат алды
© AFP 2024 / ATIF ARYAN
Ауғанстанда соңғы 48 сағатта жауған қалың қар мен аяз салдарынан тоғыз адам қайтыс болып, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы бейсенбі күні Ауғанстанның табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық басқармасының ресми өкілі Молла Жанан Саик мәлімдеді.
«Соңғы екі күнде нөсер соңы қарлы боранға ұласты. Аязды ауа райы Ауғанстанның жеті провинциясын шарпыды. Кейбір аймақтарда көп мал қырылып қалды», - делінген хабарламада.
Солтүстік Фарьяб провинциясында күн суытып, қар жауып, мыңға жуық мал қырылған.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды