$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Газа секторындағы соғыс: Израиль Қорғаныс министрі мәлімдеме жасады

Йоав Галлант атысты уақытша тоқтату – солтүстік майдандағы Хезболламен де соғысты тоқтату дегенді білдірмейтінін айтты

Газа секторындағы соғыс: Израиль Қорғаныс министрі мәлімдеме жасады
Фото: twitter.com/yoavgallant

Израиль ХАМАС-пен соғысты тоқтатқан күннің өзінде, Хезболламен шайқасты жалғастырады. Бұл туралы Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галлант мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy APnews-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін, Газа секторында ХАМАС содырларымен бірге Израильге қарсы соғысып жатқан Хезболла тобы «Егер ЦАХАЛ атысты тоқтатса, біз де тоқтаймыз» деген еді.

Бірақ Израильдің Қорғаныс министрі Йоав Галлант Газа секторындағы атысты уақытша тоқтату – солтүстік майдандағы Хезболламен де соғысты тоқтату дегенді білдірмейтінін айтты.

Айта кетсек, былтыр Израиль-Палестина қақтығысы басталғаннан кейін, ливандық содырлар тобы Хезболла ХАМАС-қа қолдау ретінде Израильге қарсы соғыса бастаған. Шекарадағы күшті әуе соққыларынан кейін Израиль-Ливан шекарадағы он мыңдаған бейбіт тұрғын үйін тастап, босып кетті.

Израиль мен ХАМАС арасындағы 5 айғы шайқаста 200-ге жуық «Хезболла» содырлары мен 35 бейбіт тұрғын қаза тапты. Израиль тарапынан 9 әскер мен 9 бейбіт тұрғын көз жұмды.

Аударған: Айжан ТЕМІРХАН

Серіктес жаңалықтары