Қазақстанда есірткі бизнесімен айналысқан шетелдік елге жеткізілді

Azattyq Rýhy

Күдікті Польша аумағында ұсталған

Қазақстанда есірткі бизнесімен айналысқан шетелдік елге жеткізілді
Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Қазақстанда есірткі өндіріп, сатумен айналысқан Украина азаматы Польшадан экстрадацияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас прокуратураға сілтеме беріп.

Күдікті 2023 жылдың тамызында Польша аумағында ұсталған.

«Ол 2022 жылы қылмыстық топ құрып,  Қазақстан аумағында аса ірі көлемде психотроптық заттарды өндірумен және сатумен айналысқан. Тәркіленген заңсыз заттардың көлемі 1 тоннадан астам, ал олардың заңсыз айналымдағы жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайды.

Көрсетілген қылмыстарды жасағаннан кейін ұйымдасқан топ мүшелері құрықталды, ал оның жетекшісі жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланған еді», - делінген хабарламада.

2023 жылдың тамызында күдікті Польшаның аумағында ұсталды. Украина азаматы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша экстрадицияланып, қазіргі уақытта Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.