Елімізде республикалық маңызы бар екі автожол жабылды
Автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 1604 жолшы жұмылдырылды
Еліміздегі республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвтоЖол» хабарлауынша, сағат 13:00-дегі жағдай бойынша шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізілді.
Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты):
«Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрі үшін).
Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожолда (екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі):
«Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. (барлық көлік түрі үшін).
Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 664 бірлік техника және 1604 жолшы жұмылдырылды.