22.02.2024, 13:52
Жаңалықтар
Ағылшын ақшасында енді Карл ІІІ бейнеленеді
Жаңа банкноттар маусым айында айналымға түседі
Фото: Bank of England
Ұлыбритания валютасындағы Патшайым Елизавета II-нің бейнесінің орнына елдің қазіргі билеушісі Карл ІІІ-нің портреті бейнеленеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews - ке сілтеме жасап.
Англия Банкі жаңа банкноттардың маусым айында айналымға түсетінін хабарлады.
Монархтың портреті 5, 10, 20 және 50 фунт стерлингтерде пайда болады.
Карл ІІІ бейнеленген монеталар бірнеше ай бұрын соғыла бастаған. Ал қағаз ақшаны банк машиналары, әртүрлі автоматтар мен құрылғылар оңай тану үшін көбірек уақыт қажет.
Жаңа купюралардың алғашқы партиялары аукционда сатылады. Жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалмақ.
Аударған: Айжан МӨҢКЕБАЕВА
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы