$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аязды күндер жалғасады

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Фото: qyzyljarnews.kz

«Қазгидромет» РМК мамандары 20-22 ақпан аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктердің айтуынша, арктикалық антициклонға байланысты Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аязды ауа-райы жалғасады.

Елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында бұрқасын болады, таулы аймақтарда қалың қар жауады, сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысында біртіндеп аяздың күші қайтады. 

«Батыста ауа температурасының төмендеуі күтілуде: түнде -10-25, күндіз -5-15 градусқа дейін аяз, елдің солтүстік және орталық аймақтарында түнде -28-38, күндіз -15-23 градус аяз, шығыс аймақтарда түнде -32-45, күндіз -20-32 градус аяз, елдің оңтүстік-шығысында түнде -15-25, күндіз -0-13 градусқа дейін аяз болады», - деп хабарлады «Қазгидромет».

Серіктес жаңалықтары