$ 508.42  580.72  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы әуежайында 5 рейс тоқтатылып, 60 рейс кешіктірілді

Рейстердің кешіктірілуі әуелі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін істеліп отыр

Алматы әуежайында 5 рейс тоқтатылып, 60 рейс кешіктірілді
Фото ашық дереккөзден

16 ақпанда Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 рейс тоқтатылып, 60 рейс кешіктірілді. Қазіргі сәтте 750-дей жолаушы әуежай терминалында ұшақтарын күтіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Алматы әуежайы маңында күн райы былай болып тұр: жел 4 м/сек жылдамдықпен соғып тұр. Тұман бар, ауа температурасы -17°C. Қазіргі сәтте ауа райына байланысты (қалың қар жаууы және тұман басуы) ұшу-қону жолағын тазалау жұмысы жүргізілуде», - делінген хабарламада. 

17 ақпанда күн райы өзгеруі ықтимал: желдің екпіні 3 м/с, жолдың көрінуі 3100 м, қар жаууы тоқтайды деп болжанып отыр, ал ауа температурасы -15°C болады. 

«Күн райы дұрысталса, әуе рейстерінің кестесі де қалпына келеді. Әуежай басшылығы іске жұмылдырылған, компанияның өкілдері түгел жұмыс орнында және жолаушыларға керек ақпаратты дер кезінде жеткізіп отыр. Рейстердің кешіктірілуі әуелі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін істеліп отыр. Ол — азаматтық авиация жұмысының басымдық берілетін бағыты. Кешіккен рейс өзінен кейінгі рейстердің де кешігуіне себепкер болуы мүмкін. Сондықтан жолаушылар әуежайдың анықтама қызметінен өз ұшағының статусын алдын ала анықтап алғаны дұрыс», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары