17.02.2024, 01:04
Жаңалықтар
Елордада қар тазалау барысында полигондарға мыңнан астам рейс жасалды
Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда
Астанада қар тазалау жұмысына таңертеңнен бастап екі мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,4 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Өткен түнде, яғни 15 ақпаннан 16-сына қараған түні елордадан 15 мың текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін полигондарға мыңнан астам рейс жасалды.
16 ақпан күні таңертең қала бойынша қар тазалауға екі мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,4 мыңнан астам арнайы техника шықты.
Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.
Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына 342 мыңға жуық рейс арқылы 4,6 млн текше метрден астам қар шығарылды.
Көп оқылған
02.07.2026, 14:58
Алакөлде қайғылы оқиға: суға батқан анасы мен қызын құтқарушылар жағаға алып шықты
02.07.2026, 16:29
Жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатпақ болған: қаза тапқан полицей жайлы тың мәлімет жарияланды
02.07.2026, 12:29
Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты