Қазақстан аумағының 45 пайызы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады – Тимур Қарағойшин

Azattyq Rýhy

Мәжілістегі жаңа заң жобасы таныстырылды

Қазақстан аумағының 45 пайызы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады – Тимур Қарағойшин
Фото: egemen.kz

Құрылыс кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына «Сейсмикалық аймақтардағы жобалау және құрылыс ерекшеліктері» тарауы енгізіледі. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин Мәжілістегі заң жобасын таныстыру кезінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Оның айтуынша, кейінгі жылдардағы зерттеу нәтижелері бойынша аумақтың шамамен 45 пайызы сейсмикалық қауіпті аймақтарға жатқызылған.  

«Нысандардың сапасын арттыру үшін құрылыс компанияларының сейсмикалық оқшаулағыш жүйелерді қолдануы, сейсмикалық қауіптілікті алдын ала бағалауды жүргізу, құрылыс алаңын таңдау, сынақтар жүргізу бойынша және басқа да кешенді шаралар қабылдау жоспарланған. Сондай-ақ сейсмикалық қауіптілікті және сейсмикалық тәуекелді бағалауға қатысты тиісті реттеудің жаңа институттары енгізіліп жатыр», - деді Т.Қарағойшин.   

Вице-министрдің сөзінше, жергілікті атқарушы органдар құрылыс объектілерінің сейсмикалық қауіптілігі мен сейсмикалық төзімділігін бағалау үшін қауіпті өңірлерде паспорттауды жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.