Кірістер мен мүлік туралы декларацияға қандай өзгерістер енгізілді

Декларацияны табыстау осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады

Кірістер мен мүлік туралы декларацияға қандай өзгерістер енгізілді
Фото ашық дереккөзден

Мемлекеттік кірістер комитетінің Төраға орынбасары Қайрат Миятов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында 1 қаңтардан бастап кірістер мен мүлік туралы декларациясы оңайлатылып, көрсетілетін ақпарат тізбесі қысқартылғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Төлем көзінен салық салынатын кірістерді және Қазақстан Республикасында тіркелген мүлікті сатып алу және иеліктен шығару және өтеусіз алу туралы ақпаратты көрсету қажеттілігі алынып тасталды. Сонымен қатар, кірістер мен мүлік туралы декларациясында (270.00-нысан) мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсету жөніндегі міндет, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында көрсетілген жеке тұлғаларға ғана жүктелген», - деді ол.

Миятов атағандай, қазіргі уақытта кірістер мен мүлік туралы декларациясына және оны жасау қағидаларына өзгерістер енгізілуде, аталған 270-нысаны бекітілгеннен кейін, Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде іске асырылады.

«Сонымен қатар, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімінің басталуына байланысты, Сіз қолданыстағы 270.00 нысаны бойынша міндеттемені орындауға құқылысыз.Егер 2024 жылы кірістер мен мүлік туралы декларациясы қолданыстағы нысан (270.00 нысаны) бойынша ұсынылса және декларацияға «қабылданды» және «таратылды» мәртебесі берілсе, онда жаңа 270.00 нысаны бойынша декларацияны қайта тапсырудың қажеті жоқ екенін білу маңызды.  Биылғы  жылы кірістер мен мүлік туралы декларациясын (270.00-нысан) 2021-2023 жылдар аралығында активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00-нысан) табыстаған барлық жеке тұлғалар ұсынады.Декларацияны табыстау  мерзімі - 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін», - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.