Самара-Шымкент автожолында 4-ақпаннан бері жолды тазарту жұмыстары жүргізілуде
Бүгінге дейін жолшылар қар құрсауынан 200-ден астам көлікті алып шыққан
Қазіргі таңда көрші облыстардан қосымша техника жеткізіліп, Ақтөбе- Хромтау учаскесінде 28 жол техникасы жұмылдырылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
«Жолшылар тәулік бойы қар тазалауда, дегенмен жұмыс жылдамдығына ауа райынан басқа да әсер ететін факторлар бар. Бұл - жолда қалған көліктер. Жолшылар 200-ден астам көлікті алып шыққанымен, боранның алғашқы күндерінде ірі габаритті жүк көліктерін жолда екі қатармен қалдырып кеткен жүргізушулер бар. Сол себептен арнайы техниканың қозғалысы қиындауда. Әр жүк көлікті қардан шығаруға кемі 40 минуттай уақыт жұмсалып, жұмысты жылдамдату үшін бульдозерлер қолданылуда», - делінген хабарламада.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директоры Айбол Данағұлдың айтуы бойынша, «Қауіпсіз қозғалыс мүмкіндігі қамтамасыз етілген сәтте, бірінші кезекте жеңіл көліктерге жол ашылады».
Барлық өзекті ақпаратпен біздің әлеуметтік желілерімізде, Sapar мобильді қосымшасында және 1403 байланыс орталығы арқылы танысуға болады.