$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 404 бірлік техника және 620 жолшы жұмылдырылған

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

10-ақпан сағат 10:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтожолға сілтеме жасап.

Абай облысында 1 учаске

  • «Алматы-Өскемен» 2-113 км, Семей-РФ шекарасы

Ақтөбе облысында – 5 учаске

  • «Самара-Шымкент» 773-855 км, Бекқұл Баба к.-Хромтау к. – 82 км.
  • «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай» 0-234 км, Қарабұтақ-Қостанай облысы
  • «Самара-Шымкент» 965-1240 км, Қарабұтақ-Қызылорда обл.шекарссы
  • «Самара-Шымкент» 855-965 км, Хромтау-Қарабұтақ
  • «Ақтөбе-РФ шек.» 39-136 км Шәмші Қалдаяқов-РФ шекарасы

Шығыс Қазақстан облысында - 1 учаске

  • Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы, 105-123 км, Шемонаиха-РФ шекарасы

Қарағанды облысында - 1 учаске

  • Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы, 0-16 км, Пришахтинск-Новостройка

Қостанай облысында -3 учаске

  • «Жезқазған-Петропавл», 252-335 км, Ұлытау обл-Арқалық
  • «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қарабұтақ», 234-386 км, Ақтөбе обл-Денисовка
  • «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қарабұтақ», 386-503 км, Денисовка-Рудный

Қызылорда облысында - 1 учаске

  • «Самара-Шымкент» 1802-1240 км, Ақтөбе обл-Қызылорда

Солтүстік Қазақстан облысында - 2 учаске

  • «Екатеринбург-Алматы», 834-856 км, Чистополье-Ақмола облысының шекарасы
  • «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 116-228 км, Мологвардейское-Рощинское

Ұлытау облысында - 1 учаске

  • «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау-Қостанай облысының шекарасы

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 404 бірлік техника және 620 жолшы жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары