$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде әлі де 20-дан астам ауылда жарық толық берілмеді

Облыс бойынша желіде 30 бригада мен 100-ге жуық техника жұмыс істеуде

Ақтөбеде әлі де 20-дан астам ауылда жарық толық берілмеді
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде әлі де 20-дан астам ауылда жарық толық берілмеді. Қазір қаладағы бригадалар аудандарға жіберіліп жатыр. Бұл туралы «Энергосистема» ЖШС баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компанияның хабарлауынша, қазір Алға ауданындағы 8 ауылда жарық жоқ. Ол – 594 абонент. Сонымен бірге Әйтеке би ауданының Аққұм және Байжанкөл ауылдарында 74 үйге жарық қосылмады. Қарғалының Ақжайық ауылында 25, Қобданың Қарағанды ауылында 10, Мұғалжар ауданының Орқаш ауылында 124 абонентте электр тогы жоқ деп тіркелді. 

«Темір ауданының Еңбекші, Бірлік, Шығырлы, Ащысай, Тасқопа ауылдарындағы 400, Хромтау ауданының бірнеше ауылы мен қаласында мыңнан астам абонентте жарық жоқ. Облыс бойынша желіде 30 бригада мен 100-ге жуық техника жұмыс істеуде. Қазіргі кезде қаладан аудандарға қарай бригада жіберілді. Барлығы облыста 2200-ден астам абонентте жарық жоқ. Мұның бәрі 9 ақпан сағат 15:00-дегі ақпарат»,- делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары