$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында алаяқтық жолмен 210 млн теңге субсидия алған басшылар ұсталды

Күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды

Жамбыл облысында алаяқтық жолмен 210 млн теңге субсидия алған басшылар ұсталды
Фото: gov.kz

Жамбыл облысының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражаттарын жымқыруды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Меркі» тәжірибелік шаруашылық» ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы нақты сатылмаған алма көшеттері үшін 209,9 млн теңге субсидия алған», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Аталған дерек бойынша Меркі ауданының прокуратурасы ҚК-тің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармақшасымен (алаяқтық) қылмыстық іс тіркеп, оны тергеп-тексеру облыс прокуратурасымен жүргізілуде.

«Сотпен бір күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілсе, екіншісіне қатысты үй қамақ бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, ҚПК-тің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары