$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Біз үшін үлкен жауапкершілік»: депутат ел игілігі жолында сапалы жұмыс істеуге уәде етті

Жұлдыз Сүлейменова Президент міндеттеген бағыттар бойынша жұмыс атқарылатынын айтты

«Біз үшін үлкен жауапкершілік»: депутат ел игілігі жолында сапалы жұмыс істеуге уәде етті
Фото: parlam.kz

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жұмысты қорытындылап, алдағы уақытқа әлеуметтік-экономикалық міндеттерді айқындады». Осылай деген Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін қай бағытта жұмыс істейтіндері жайында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова «ең бастысы, ел дамуындағы экономикалық өсім азаматтардың өмір сапасының жақсаруына және нақты табысының артуына тікелей әсер етуі қажет» дейді. «Бұл міндетті жүзеге асыруда мемлекеттік аппарат батыл әрекет етуі абзал» деп жазды депутат Facebook парақшасында.

«Жаңа тағайындалған Министрлер Кабинетіне бюджет және салық міндеттемелерінің тиімділігін арттыру жүктелді. Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексін әзірлеуге мән беруде. Сонымен қатар, агроөнеркәсіпті дамыту және су ресурстарын үнемдеуге басымдықпен мән берілді», - деді депутат.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, алдағы үш жыл ішінде ауылшаруашылығына көп қаражат қарастырылады, сәйкесінше агроөнеркәсіп саласындағы өңделген өнімнің үлесі 70 пайызға артуы мүмкін.

Аграрлық сала үшін ең басты ресурс – су. Суды үнемдеу технологиясын енгізу және суды көп қажет ететін дақылдарды азайту бағытында жүйелі жұмысты жүзеге асыру қажет.

«Президентіміз инфрақұрылымды дамыту саласында шұғыл шаралар қабылдауды басымдықпен айтты. Бұл үшін Үкіметтің алдында, жылу орталықтарын күрделі жөндеуден өткізу және қосымша қуат көзін табу, оны жүзеге асыру міндеті тұр.

Елімізде республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуді тезірек аяқтауды қолға алу және теміржол саласында қызмет сапасынан бастап қордаланған барлық проблемаларды шешу қажет. Бұл еліміздің Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналуына мүмкіндік береді», - деп жазды депутат.

Сондай-ақ әлеуметтік саланы одан әрі жетілдіру әрі реформалау мәселесі айтылды.

«Қазіргі таңда республикалық бюджеттің 50 пайызынан көбі әлеуметтік салаға қарастырылған. Сондықтан мемлекет қаражатының тиімділігі әрдайым ерекше бақылауда болуы қажет. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігімен бірге сапасын арттыруға байланысты нақты міндеттер айтылды.

Президентіміз Үкіметтің кеңейтілген отырыснда мемлекеттік сатып алу, мемлекет пен жекеменшік серіктестігі, құрылыс саласын реформалауға байланысты заңдар қабылдау қажеттігін айтты. Мәжіліс депутаттары ретінде бірнеше заң жобасына тиісті нормаларды эксперттік қоғамдастықпен талқылап, әзірлеуге кірісіп кеттік», - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан» құрудың негізі болар әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың басымдықтарын айқындады.

«Сонымен қатар Мәжілістің пленарлық отырысында Президент Мәжілістің VIII шақырылым депутаттық корпусының жұмысына жоғары бағасын берді. Біз үшін үлкен жауапкершілік. Алдағы уақытта да осы сенімді ақтау ел игілігі жолындағы жұмысымызды сапалы әрі уақытылы атқаруға еңбектенетін боламыз», - деп сөзін қорытындылады депутат.

Серіктес жаңалықтары