$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ұлы дала жорығы» жобасы халықаралық деңгейге шығып жатыр

Биыл алғаш рет халықаралық деңгейдегі марафон-бәйге өтеді

«Ұлы дала жорығы» жобасы халықаралық деңгейге шығып жатыр

7 ақпанда «JORYQ» ат спорты федерациясының жетекшісі Бақытжан Тұрлыбеков Түркияның Қазақстандағы елшісі Мустафа Капуджу мырзамен арнайы кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әңгіме барысында әлемде теңдесі жоқ «Ұлы дала жорығы» жобасы туралы сөз қозғалып, 2024 жылы Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен алғаш рет халықаралық деңгейде өткелі тұрған марафон-бәйгенің ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

«Ұлы дала жорығы» халықаралық дүбірлі додасының 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қарсаңында өтетін маусымына арнайы Ботай (СҚО) - Бозоқ (Астана) бағыты таңдалып алынуы терең мазмұнға ие. Кемінде шетелдік 15 команда бақ сынайтын айтулы бәйгенің жалпы қашықтығы - 400 шақырымды құрайды.

Марафон-бәйгенің Ботайдан басталуының басты бір себебі – ғалымдардың зерттеуінше адам баласы жылқы малын дәл осы жерде алғаш рет қолға үйреткен деп есепетелінеді. Ал, Астана қаласының түбіндегі Бозоқ қалашығы VIII–X ғғ. көне түркілердің киелі мекені болып саналады.

Сонымен қатар, Б.Тұрлыбеков Мустафа Капуджу мырзаға Түркияның ат спортына жауапты мекемелермен тығыз байланыс орнатуға және алда өтетін марафон-бәйгенің ұйымдастыру жұмысына елшілік тарапынан ерекше назар аударуын сұрады.

Мустафа Капуджу мырза кездесу соңында «JORYQ» ат спорты федерациясының бастамаларына өз деңгейінде қолдау көрсетуге әзір екендігін білдірді.

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.

Серіктес жаңалықтары