$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент бастамалары біртіндеп орындалып жатыр – Қарин Ұлттық қор төлемі жайында

Алдағы уақытта бұл төлем ұлғаятын болады

Президент бастамалары біртіндеп орындалып жатыр – Қарин Ұлттық қор төлемі жайында
Фото: Ақорда

«Мемлекет басшысының бастамалары біртіндеп орындалып жатыр». «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша балалардың шотына түсе бастаған қаржы жөнінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасында айтылған негізгі бастаманың бірі – «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іс жүзінде жүзеге асырылып, балаларымыздың есеп-шотына Ұлттық қордан төлемдер түсе бастады. Қаражаттың төлену тәсілдері туралы Үкімет пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері егжей-тегжей түсіндірді», - деп атап өтті Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, алдағы уақытта бұл төлем Ұлттық қор активтерінің еселенуіне және қосымша инвестициялық табыстың артуына байланысты ұлғаятын болады.

«Сондай-ақ Мәжіліс кеше әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң жобасын жұмысқа қабылдады. Бұл құжатты депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылық және педофилия үшін жауапкершілікті күшейту туралы Мемлекет басшысының бастамасына сәйкес әзірлеген болатын», - делінген хабарламада.

Бұған дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында алғашқы мақсатты төлем рәсімдері басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары