Атыраудың экс-әкімі уақытша тергеу изоляторынан үйқамаққа шығарылды

Azattyq Rýhy

Мұндай шешім қабылдауға бұрынғы әкімнің денсаулық жағдайы себеп болған

Атыраудың экс-әкімі уақытша тергеу изоляторынан үйқамаққа шығарылды
Фото: facebook.com

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев уақытша тергеу изоляторынан үйқамаққа шығарылды. Мұндай шешім қабылдауға бұрынғы әкімнің денсаулық жағдайы себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық соттың баспасөз қызметі растаған дерекке қарағанда, экс-әкім үйқамаққа бір ай бұрын шығарылған.

«Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 11 қарашадағы қаулысымен Қайрат Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған еді. Атырау облысы прокурорының өтінішхаты бойынша мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылдың 22 желтоқсандағы қаулысымен Қ.Оразбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы оның денсаулық жағдайына байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.