25.01.2024, 12:48
Жаңалықтар
3000 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот деп жарияланды - БКБ
Банкроттыққа өтінім қабылдау өткен жылдың наурыз айында басталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Өткен жылдан бастап қазақстандықтарға өзін банкрот деп жариялауға заңды рұқсат берілді. 2023 жылы 8,3 мың қазақстандық «банкрот» статусын алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бірінші кредит бюросына сілтеме жасап.
«2023 жылы наурызда жеке тұлғалардан сотсыз банкрот деп жариялауға өтініш қабылдана бастады. Жыл соңына дейін 77 мың өтініш түскен, оның ішінде 62 мың өтініш кері қайтарылды. 8,3 мың қазақстандық банкрот статусын алды. Қарыздың негізгі көрсеткіш сомасы — 962 мың теңге, орташа сома — 1,6 млн теңге, минималды сома — 2978 теңге», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2023 жылы 3 наурызда елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды