Тұман, жел, көктайғақ: бүгінгі ауа райы қандай болады
Кей өңірлерде қар жауады

Синоптиктер 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін Қазақстанның басым бөлігі әлі де оңтүстік циклон ойпатының және атмосфералық фронттардың ықпалында болатындықтан, ауа райының тұрақсыз сипаты әлі де сақталады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын, тау және таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, боран, оңтүстік-шығысында, оңтүстікте көктайғақ болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жауын-шашын, күннің соңында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кейде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 6-8 градус жылы болып, түнде төмендейді.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 3-5 градус жылы болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кей уақытта аздап қар жауады. Оңтүстіктен 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 0 градус шамасында болады.