$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады

Еліміздің 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото ашық дереккөзден

Cиноптиктер еліміздің 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 25 қаңтар күні Шымкентте қар аралас жауын-шашын күтіледі. Тұман түсуі ықтимал. Күндіз оңтүстік-батыстан пен солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с. 

Абай облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында қарлы боран болады. Батыста, оңтүстікте, облыс орталығында жел тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20, 25 м/с. 

Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұрқасын соғады. Ал облыстың шығысында тұман түсуі ықтимал. 

Қостанай облысында қар жауады, облыстың оңтүстігі мен шығысында бұрқасын, тұман түседі. 

Қызылорда облысында қар жауады деп болжануда. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде орталықта көктайғақ, тұман болады. Қызылорда қаласында көктайғақ болады. 

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын болуы ықтимал. Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз оңтүстігінде, батысында және солтүстігінде бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі.  

25 қаңтарда таңертең және күндіз Түркістан облысының орталығында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыс орталығында, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Түркістанда таңертең және күндіз көктайғақ, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел таңертең солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары