$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шетелден есірткі затын сәлемдемемен алған тұлға сотталды

Кінәлі тұлға сотпен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды

Шетелден есірткі затын сәлемдемемен алған тұлға сотталды
Фото: freepik.com

Өткен жылдан бастап алқабилердің қатысуымен қаралатын аса ауыр санатына жататын қылмыстық істердің тізбесі кеңейтілді. Олардың қатарына есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар да енді6 деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың соңында алқабилер ірі көлемдегі есірткі контрабандасымен айналысқан азамат А.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Олардың үкімі бойынша кінәлі тұлға сотпен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

«Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұл азаматтың АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы ішіне есірткі салынған балалардың ойыншықтарына тапсырыс бергені және алғаны туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді, есірткі Қазақстан аумағында сату және одан материалдық пайда табу мақсатында алынып келінген», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары