20.01.2024, 11:01
Жаңалықтар
Қолайсыз ауа райына байланысты үш облысты жолдар жабылды
Автожолдарды күтіп-ұстау үшін 373 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр
Коллаж: Azattyq Ruhy
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Жамбыл облысында -1 учаске
- «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.-Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) - 79 км.
Жетісу облысында - 1 учаске
- «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. - Достық ст. - 100 км.
Батыс Қазақстан облысында - 2 учаске
- «Орал-Тасқала-РФ шек», 4-104 км, Орал қ.- РФ шек. - 100 км.
- «Самара-Шымкент» 195-246 км, РФ шек-Орал қ. – 51 км.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау үшін 373 бірлік арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
