19.01.2024, 09:51
Жаңалықтар
Үндістанда бір топ оқушы суға батып кетті
Қайғылы оқиға салдарынан 16 адам қаза тапты
Фото: AP
Үндістанда көлде қайық аударылып, кем дегенде 16 адам суға батып кетті. Олардың 14-і оқушы болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
The Hindu газетінің жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлауынша, қайғылы оқиға Гуджарат штатында, Вадорада қаласына жақын жерде болған.
«Бір топ мектеп оқушысы Харни көлінде қайықпен серуендеп жүргенде, қайық аударылып кеткен. Оқиға кезінде қайықта 34 адам болған, оның 27-сі балалар болған», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
«Кеше кешке қарай оқиғадан қаза тапқандар саны 16-ға жетті, оның ішінде 14 мектеп оқушысы мен 2 мұғалім бар. Кем дегенде 10 оқушы құтқарылды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
