$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматының тау бөктеріндегі бірқатар заңсыз құрылыс сүрілетін болды

31 талап арыз бойынша оң шешім қабылданды

Алматының тау бөктеріндегі бірқатар заңсыз құрылыс сүрілетін болды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы өткен жылы мегаполистің таулы жерлерінде заңсыз құрылыстың 54 фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 44 объект бойынша сотқа талап арыздар берілді, 31 талап арыз бойынша оң шешім қабылданды, ал қалғандары қаралып жатыр.  

«Бұл ретте 31 талап арыздың ішінде 25-і заңды күшіне енді, алтауына қатысты апелляциялық сатыда сот талқылаулары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Бұған дейін атап өтілгендей, 2023 жылы құрылыс нысандарын жоспардан тыс 1074 тексеру барысында 1140 заңбұзушылық анықталды.

Басқарма объектілерді жоспардан тыс тексеруді алынған өтініштер негізінде «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның сақталуы тұрғысынан жүргізді.

Серіктес жаңалықтары