Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні болуы мүмкін
Қазіргі кезде сол 27 су тасқыны қаупі бар учаскесінің жетеуі толықтай жойылды
Өткен түнде өңірдегі тауға қалың қар жауды. Бұл мезгілде көшкін жүру қаупі артады. Әсіресе Талғар тауларында, Түрген шатқалында, Есік көлінде көшкін жиі болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 қауіпті аймақ бар. «Қазселденқорғау» мекемесі мен төтенше жағдай қызметі бірлесіп 39 учаскеге тексеріс жасады. Былтыр бұл аймақта 44 рет қар көшкіні болды. Қазір Асы жайлауы мен «Түрген-Батан» күре жолдары жабық. Мамандар тау бөктеріне демылсқа барушыларға қауіпсіздік ережелерін естен шығармау керектігін қатаң ескертеді.
«Қазіргі кезде сол 27 су тасқыны қаупі бар учаскесінің жетеуі толықтай жойылды. Қазіргі кезде 20 су тасқыны қаупі бар учаске бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алматы облысының тұрғындарына біздің қызметкерлер берген әртүрлі ұсыныстарына, хабарламаларына мұқият болуларын сұраймыз», - деді облыстық ТЖД басқармасының бастығы Дәурен Азаматов.