33 градус аяз: синоптиктер ескерту жасады

16-18 қаңтар аралығында күн қатты суытады 

33 градус аяз: синоптиктер ескерту жасады
Фото: freepik.com

Алдағы бірнеше күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райы нашарлап, қатты аяз түседі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Метеорологтар берген ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен күн суытып, қатты аяз түседі. Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында қарлы боран болса, шығысында қаття аяз түседі. 

«Антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады. Ал елдің батысы мен оңтүстік-шығысында күн құбылмалы, қар аралас жаңбыр жауады, жел мен бұрқасын күшейеді. Аяз, әсіресе, солтүстікте, шығыста және орталықта, түнде 25-33 градусқа дейін аяз болса, күндіз 15-23, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 5-15, күндіз 2-7 градусқа дейін жетеді, ал батыста түнде 8-18, күндіз 3-15 градусқа дейін суық болады», - делінген Қазгидромет таратқан ақпаратта.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.