$ 499.76  521.7  5.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада қаңқасы қалған зауыт ғимараты бұзылатын болды

Кәсіпкер жерді нысаналы мақсатында пайдаланбаған

Қызылордада қаңқасы қалған зауыт ғимараты бұзылатын болды
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

Қызылорда қаласында құр қаңқасы қалған целлюлоза-картон зауыты ескі ғимараты тез арада бұзылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Kazinform ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Ескі зауыттың қаңқасы тұрғындарға қауіп төндіріп, қаланың сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп отыр. Халық арасында ЦКЗ аталып кеткен зауыттың жерін құрылыс нысанын салу мақсатында 2004 жылы жалға алу құқығымен жеке кәсіпкер иемденген.

Осы уақыт аралығында кәсіпкер жерді нысаналы мақсатында пайдаланбаған. Құрылыс алаңын қоршауға бағытталған қандай да бір шараларды қабылдамаған. Осыған байланысты кәсіп иесіне ескерту жасалды.

«Бұл мәселе қала әкімдігінің бақылауында болады. Алдағы күндері жер иесімен зауыт қаңқасын сүру бойынша жұмыстар жүргізіледі», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық әкімдігінен.

Серіктес жаңалықтары