13.01.2024, 15:56
Жаңалықтар
Қазақстандық мерген Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды
Спортшы Шымкент қаласының тумасы
Қазақстандық мерген Никита Чирюкин индонезиядағы оқ атудан лицензиялық Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Rapid fire Pistol» жаттығуында Никита Чирюкин 584-ші ұпай нәтижемен финалға жолдама алған болатын, осы нәтижемен олимпиадалық квотаны жеңіп алды. Ақтық сайыста спортшы өзінің бірінші позициясын ұстап, алтын медаль жеңіп алды.
Никита Чирюкин Қазақстан Ұлттық құрамасының штаттық мүшесі, Шымкент қаласының өкілі.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
