Боран және көктайғақ: 15 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Azattyq Rýhy

Бірқатар өңірде қалың қар жауады

Боран және көктайғақ: 15 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото ашық дереккөзден

10 қаңтар күні елдің 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында боран және көктайғақ, Маңғыстау облысында да көктайғақ болуы мүмкін.

Абай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында бұрқасын, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

10 қаңтар күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қалың қар жауады.

Жетісу, Түркістан облыстарында жел тұрады деп болжанған.

Шығыс Қазақстан облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде түнде қар жауып, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын, бұрқасын болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.