$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«ҚазАвтоЖолдың» Жамбыл филиалында лауазымды тұлғалар аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған

Соттың санкциясымен барлық күдіктілер қамауға алынды

«ҚазАвтоЖолдың» Жамбыл филиалында лауазымды тұлғалар аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған
Фото ашық дереккөзден

«Қордай» өткізу пунктін салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты Жамбыл облысында «Қордай» өткізу пунктін салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Залалдың алдын ала сомасы 194 млн теңгеден астам», - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен барлық күдіктілер - «ҚазАвтоЖол» филиалы директорының орынбасары, мердігер ұйымның өкілі және техникалық қадағалау сарапшысы қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары