$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Балалар анайы сайттарға еркін кірген»: БҚО-да 14 мектептің директоры істі болды

Олар әкімшілік жауапқа тартылды

«Балалар анайы сайттарға еркін кірген»: БҚО-да 14 мектептің директоры істі болды
Фотоколлаж Azattyq Rýhy

Батыс Қазақстан облысында оқушылар мектепте порносайттарды көрген. Жаңақала ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылардың білім беру мекемесінің қабырғасында (14 мектептің информатика кабинеттерінде) тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі анықталды.    Осылайша, жол берілген бұзушылықтар үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оның нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 14 мектеп директоры тартылды»,- деп хабарлады Бас прокуратура.

Бүгінгі таңда ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары