$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадағы «Нұр-Сұлтан» теміржол станциясының атауы өзгереді

Ашық НҚА порталында қаулы жобасы жарияланды

Астанадағы «Нұр-Сұлтан» теміржол станциясының атауы өзгереді
Фото: tengrinews.kz

«Ашық НҚА» порталында Көлік министрлігінің бірнеше теміржол стансасы мен разъездің атауларын өзгерту туралы қаулы жобасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «БП Ақмола бөлімшесі» филиалының «Нұр-Сұлтан» темір жол станциясы «Астана» темір жол станциясына;

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «БП Ақмола бөлімшесі» филиалының «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» теміржол станциясы «Нұрлы жол» теміржол станциясына өзгертілсін», — делінген құжатта. 

Сондай-ақ, Жетісу облысындағы «ҚТЖ — Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «БП Алматы бөлімшесі» филиалының «№ 13» темір жол разъезі «Ақши» темір жол разъезіне; 

Қызылорда облысындағы «ҚТЖ — Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «Батыс» филиалы Қызылорда бөлімшесінің «№ 26» теміржол станциясы Жетітөбе станциясына;  

Маңғыстау облысындағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «Батыс» филиалының Маңғыстау бөлімшесінің «№ 1» темір жол разъезі «Күйкен» темір жол разъезіне;  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «Батыс» филиалының Маңғыстау бөлімшесінің «№ 10» темір жол разъезі «Боздақ» темір жол разъезіне;  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «Батыс» филиалының Маңғыстау бөлімшесінің «№ 460» темір жол разъезі «Сарға» темір жол разъезіне;  

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «Батыс» филиалының Маңғыстау бөлімшесінің «Тірек» теміржол станциясы «Боранқұл» теміржол станциясына;  

Атырау облысындағы «ҚТЖ — Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «Батыс» филиалының Маңғыстау бөлімшесінің «Майкөмген» теміржол разъезіне «Толтыр» теміржол разъезіне өзгертіледі.  

Серіктес жаңалықтары