Жазушы Ғалымбек Елубай өмірден өтті
Талантты жазушы 40 жасқа қараған шағында өмірден озды
Қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосқан жазушы, танымал қысқа әңгімелердің авторы Ғалымбек Елубай қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақтың Чеховы» атанған қабырғалы қаламгер Ғалымбек Елубай қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні өмірден өтті.
«Жақында ғана «Жүз жетінші көктем» кітабы жарық көрген жазушының Алаш мұрасын жинақтауда сіңірген еңбегі зор. Себебі ол 2010-2016 жылдары Шымкент қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде қызмет ете жүріп, Алаш қайраткерлерінің құнды еңбегі жарияланған «Ақ жол» газетін транскрипция жасап, 25 томдық кітаптың шығуына себепкер болды», - деп жазады жазушы туралы Аikyn басылымы.
Ғалымбек Елубай 40 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Жазушы «Бүйі қаптаған жаз», «Тумай тұрып өлімге кесілгендер», «Құралай тышқанның боғы» сияқты әңгімелерімен танымал.