Республикалық маңызы бар бірнеше жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында - 1 учаске:
- Екатеринбург – Алматы тасжолы, 1292-1353 км, Жібек жолы ААП- Қарағанды обл.шек дейін - 61 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.
Жетісу облысында - 1 учаске:
- Үшарал – Достық тасжолы, 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. дейін – 100 км.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады
Қарағанды облысында – 6 учаске:
- "Екатеринбург-Алматы" 1505-1854 км, Новостройка а. - Балқаш қ. дейін - 349 км.
- "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 231-324 км, Павлодар обл.шек-Ботақара к. дейін - 93 км.
- "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 17-217 км, Қарағанды қ. - Қарқаралы қ. аралығында - 200 км.
- "Қызылорда-Павлодар" 970-1135 км, Қарағанды қ. - Павлодар обл.шек. дейін - 165 км.
- "Қызылорда-Павлодар" 788-906 км, Ұлытау обл.шек.-Топар к. дейін – 118 км. Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.
- "Екатеринбург-Алматы" 1353-1426 км, Ақмола обл.шек-Теміртау ААП - 73 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.
Павлодар облысында - 2 учаске:
- "Қызылорда-Павлодар" 1135-1206 км, Қарағанды обл.шек.-Шідерті кенті - 71 км.
- "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 137-231 км, Баянауыл а.-Қарағанды обл.шек - 94 км.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Сондай-ақ бүін ауа райының қолайсыздығына байланысты "Астана-Теміртау" автожолында автокөліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу енгізілгені хабарланды.
«Ауа райының қолайсыздығын ескеріп, автожолдарымен жүру бағытын алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», - деп есеретеді мамандар.