Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны тағы өсіп, 161-ге жетті

Төтенше қызметтер 195 тұрғынды әлі таба алмай отыр

Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны тағы өсіп, 161-ге жетті
Фото: REUTERS/Kim Kyung-Hoon

Жапонияда 1 қаңтардан бері жалғасып жатқан жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 161-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

47News жаңалықтар порталының хабарлауынша, Жапонияның аймақтық билігі табиғат апаты салдарынан кем дегенде 560 адам әртүрлі дәрежеде зардап шеккенін мәлімдеген.

«Бұл елдегі 2016 жылы елдің оңтүстік-батысындағы Кумамото префектурасында 273 адамның өмірін жалмап кеткен жер сілкінісінен кейін тіркелген ірі қайғылы оқиға болып отыр», - делінген хабарламада.

Төтенше қызметтер 195 тұрғынды әлі таба алмай отыр. Ең үлкен шығын Исикава префектурасында болған, ол маңда кем дегенде 1370 үй толықтай немесе жартылай қирап қалған. Сондай-ақ өрт салдарынан 300-ге жуық ғимарат жермен жексен болды. Зардап шеккен аймақта электр қуаты, су және жанармай тапшылығы сезіліп жатыр.

Апат аймағында Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің бөлімшелерімен бірге іздеу-құтқару операциясы жалғасуда. Құтқарушылар соңғы рет 6 қаңтарда үйінді астынан тірі адамды – қираған үйінің үйіндісінің астында бес күннен астам уақыт жатқан 90 жастағы кейуананы тауып алып шықты.

Еске салайық, 1 қаңтарда Жапонияда бірқатар жер сілкінісі болды. Алғашқы жерасты дүмпулері Исикава префектурасында сағат 16:06-да тіркелген, олардың магнитудасы 5,7 және 7,6 болды. Кейін Исикава префектурасында тағы бір жер сілкінісі болды. Ұлттық метеорологиялық бюроның мәліметі бойынша, оның магнитудасы 4,6 балл болды. Жер сілкінісі кезінде биіктігі 5 метрге жететін цунами қаупі жарияланды, бірақ артынша ондай қауіп жоқ екені хабарланды. 3 қаңтарда Исикава префектурасында магнитудасы 5,5 балл болатын тағы бір жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы су астында 10 шақырым тереңдікте болған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.