$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ирандағы жойқын жарылысты «Ислам мемлекеті» ұйымы ұйымдастырған

Иран көшбасшысы кек алатынын мәлімдеді 

Ирандағы жойқын жарылысты «Ислам мемлекеті» ұйымы ұйымдастырған
Фото: tasnimnews.com

«Ислам мемлекеті» ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған)  Ирандағы жойқын жарылыстардың жауапкершілігін өз мойнына алды. Олар жүзден астам адамның өмірін жалмаған жарылысты төрт жыл бұрын өлтірілген Ислам революциясы сақшылар корпусының қайраткері Касем Сулейманиді еске алуға арналған іс-шарада жарған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC-ге сілтеме жасап. 

Иранның Кермане қаласындағы зиратта болған екі жарылыс 84 адамның өмірін қиды. Қанды қырғын Иранның Израиль және АҚШ-пен қарым-қатынасы шиеленіскен тұста болып отыр.

«Ислам мемлекеті» телеграмдағы аккаунтында жарылысты белбеуі және жарылғыш заты бар екі ізбасары ұйымдастырғанын хабарлады. Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары бұған дейін кем дегенде бірінші жарылысты жанкешті лаңкес ұйымдастырғанын, екіншісі де солай болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Иранның жоғары жетекшілері, оның ішінде рухани көшбасшысы Хаменеидің өзі бұл зұлымдыққа кінәлілерден кек алатынын мәлімдеп, бірақ нақты кім екенін айтпаған еді.

Жарылыстан кейін елдің көптеген қалаларында адамдар жиналып, «Америкаға өлім» және «Израильге өлім» деп ұрандатты.

«Ислам мемлекеті» — сүнниттік топ, ал Иран — шииттік ұстанымдағы мемлекет. Дін исламның  ішінде екі масхабты ұстанатындар бір-біріне жау.

Бұған дейін Иранның оңтүстігінде Керман қаласындағы моланың жанында болған екі жарылыс салдарынан жүзден астам адам мерт болып, екі жүзден астам ирандық жарақат алды. Сонымен қатар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Керман қаласында болған лаңкестік әрекеттен көп адамның қаза табуына байланысты Ибрахим Раисиге көңіл айтқан еді.  

Серіктес жаңалықтары