Тоқаев Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Azattyq Rýhy

Ирандағы генерал зиратындағы жарылыстан 100-ден астам адам қаза тапты

Тоқаев Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ибрахим Раисиге көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан жүздеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы бақилық болғандардың жандары жәннатта болуына, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.

Еске салайық, Иранның оңтүстігіндегі Керман қаласының маңында болған екі бірдей жарылыс салдарынан кем дегенде 103 адам қаза тауып, 211-ден астам адам жарақат алған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.