04.01.2024, 19:31
Жаңалықтар
Елімізде 1 қаңтардан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнату міндеттемесі күшіне енді
Жапсырманы газ баллоны бар көлікті оңай анықтауға болатындай етіп қою қажет
фото: Сауда және интеграция министрлігі
Бұдан былай газ баллон жабдығы бар көліктерге «GAS» жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыш белгісін қою қажет. Аталған стандарт ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің бұйрығымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерінде көрсетілген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Осы ретте Түркістан облысының полицейлері көлік жүргізушілерін тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Жапсырманы газ баллоны бар көлікті оңай анықтауға болатындай етіп, сонымен қатар жабық көлік тұрақтарының кіреберісіне де қойылуы қажет. Жаңа шара қауіпсіздік мақсатында енгізілген. Түркістан облысында 67 мыңнан астам көлік газ қондырғысымен жабдықталған», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр
11.09.2026, 09:59
Жантүршігерлік қылмыс: лудоман анасын өлтіріп, мәйітін тоңазытқышта үш апта сақтаған
11.09.2026, 12:44
Жетісу облысында құмар ойынға құмартып, 7,7 млн теңге жұмсаған шенеуніктер жұмысынан қуылды